Таразда үстіне тал құлап кеткен жасөспірім қаза болды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Куәгерлердің айтуынша, ол аялдамада анасымен бірге автобус күтіп тұрған екен. Сол сәтте жақын маңда өсіп тұрған қарағаш баланың үстіне құлап кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіТөтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Айналасындағы адамдар оған көмек беруге қанша тырысқанымен, жас бала оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Экспресс К

Қайғылы жағдай туралы ақпарат Telegram әлеуметтік желісінде тарады. Түннен бері облыс аумағында қатты жел соғып тұр. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жеткен. Соның салдарынан болар, аялдамада анасымен бірге автобус күтіп тұрған жасөспірімнің үстіне тал құлап кеткен.

Аялдамада тұрған бірнеше азамат баланы алып шығып, орындыққа жатқызыпты. Алайда, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері баланың қайтыс болып кеткенін айтқан. Куәгерлердің сөзінше, жасөспірімнің анасы жарақаттанбапты.

t.me/qumash_kzt.me/qumash_kz
t.me/qumash_kz

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров