Newscorr

Newscorr: Алматыдағы тұрғын үй кешені жауын салдарынан суға батты

Экспресс К

Видеодан кадр

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болған тұрғындар жауын суының салдарынан құтыла алмай әлек. Себебі жаңа салынған тұрғын үй кешеніне көлікпен кірер жалғыз жол көлшікке айналған.

Әбден шаршаған тұрғындардың жан айқайы көрініс тапқан бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.

Жауын суы көлшікке айналған видеодан жүргізушілердің мезі болғанын көруге болады. Кешенге кірер жалғыз жолдың жанында тіпті үлкен судың жиналғанын да байқайсыз.

Тұрғын үй кешені Алматыдағы Райымбек даңғылының бойында орналасқан. Мұндағы тұрғындар жағдай бірінші рет емес екенін айтады. Жауын жауса болды кешен кіре берісі осындай хәлге түсетін көрінеді. Содан болар, олар осы мәселе оң шешімін тапса деген ниетте.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров