Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөздің қашан өтетіні белгілі болды


Әлеуметтік желіден
Қос тарап арасындағы келіссөз үш күнге созылмақ.
Екі ел делегациялары арасындағы келіссөз Түркияда 28-30 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Экспресс К УНИАН ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы украин делегациясының мүшесі, Украина жоғарғы радасы "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия мәлімдеді.
Видео байланыс арқылы өткен кездесуде екі делегация арасындағы келіссөзді 28-30 наурызда Түркияда өткізу туралы шешім қабылданды,
Ресей Федерациясынан келген келіссөздер тобының жетекшісі Владимир МЕДИНСКИЙ өз кезегінде келесі раундтың 29-30 наурызда өтетінін растады.
Еске салайық, Ресей мен Украина тараптарының соңғы келіссөзі 14 наурызда өткен болатын.
Бұл ретте қос тарап арасындағы келіссөздер күн сайын сараптамалық топтар деңгейінде жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.
Бөлісу