Велоспорт

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында алтын медаль қанжығалады

Экспресс К

ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Рината Сұлтанова - Тәжікстанда өткен тас жолдағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған тұңғыш қазақстандық.

Ол жекелеген жарыста үздік атанды, деп хабарлайды Экспресс К Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

24 шақырымды 33 минут 24,632 секундта еңсерген Рината әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытты көрсетті.

Индонезиялық Делиа Приатна (+34,643) күміс жүлдеге ие болды. Моңғолиядан келген спортшы Солонго Цэрэнлхам (+01:39.450) үшінші орынға жайғасты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров