COVID-19

Коронавирусты қатерлі ісік ауруына арналған әдіспен емдеуге бола ма?

Экспресс К

© AP

Ғалымдар коронавирустық инфекцияны қатерлі ісік ауруына арналған әдістермен емдеуді ұсынды. Бұл әдіс шамамен 15 жыл бұрын ауыр аллергиялық емес астмамен күресу үшін дами бастаған.

Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Онкологиялық науқастарға арналған дәрінің мөлшерін барынша азайтып, короновирусты емдеуге қолданылды.

Өте төмен дозада пайдаланылған дәрі иммундық қорғанысты төмендетпейді, қабынуды азайтады және бронхтың эпителий жасушаларын қорғайды,

— дейді ғалымдар.

Дозаны азайтып, үрдісті дәл бақылау үшін, әзірлеушілер ингаляциялық әдісті қолданды. Бұл әдіс COVID-19 инфекциясы бар науқастарға да сыналды. Астматиктерге арналған ингаляция курсы сияқты, "қызыл аймақтан" шыққан науқастарда бірде-бір жанама әсер тіркелген жоқ. Ғалымдар аталған әдістің жақсы нәтиже көрсеткенін және пациенттердің ентігуінің төмендегенін дәлелдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров