Ауа райы

"Қазгидромет": Ауа райы жауын-шашынды болады

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Синоптиктер 28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, тұман түседі. Облыста желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының солтүстігі мен батысында бұрқасын жел соғып, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Облыс орталығында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында тұман түседі.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында жел жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейеді. Тнде облыстың батысында тұман түседі, күндіз шығыста шаңды дауыл соғады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде бұрқасын жел соғып, көктайғақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысы мен шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қостанай облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында бұрқасын жел соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы өңірлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысында жолдарда көктайғақ болып, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров