Іздеу

Түркістан облысында 1 айдан бері хабарсыз кеткен жүкті келіншек табылды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

ТО ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында осыдан 1 айдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз кетіп, халықаралық іздеу жарияланған келіншек аман-есен табылды.

Полицейлер із-түссіз жоғалған келіншек Назым Алдаш Жамбыл облысы, Жаңатас қаласынан тапты, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жүкті әйел азаматтық некедегі жұбайымен бірге жүрген. Жоғалған жас келіншектің із-түссіз кетуіне кім немесе қандай жағдай себеп болғаны әзірге белгісіз. Жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, 24 ақпанда Түркістан облысы, Сауран аудандық полиция бөліміне жоғалған жас келіншектің анасы арызданған болатын. Оның айтуынша, үйінде жүрген аяғы ауыр қызы ауруханаға шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Содан бері жүкті әйелді іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген еді. Полицейлер әйелді Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Тараз, Шымкент, Алматы қалаларына іссапармен шығып, іздестірген болатын.

Назым Алдашты әлеуметтік желіде танысқан жігіт алып қашып, кейін күйеуі ұрып-соғып, күн көрстепегенін айтып берді. Өткен сенбіде келіншекке халықаралық іздеу жарияланды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров