Newscorr

Newscorr: Пәтерде су жоқ, бірақ төбесінен сарылдап су ағып тұр

Экспресс К

Видеодан кадр

Ақтаулық тұрғын Экспресс К редакциясы арқылы қала әкіміне дауысымды жеткізгім келеді дейді. Ал құрылыс компаниясы мүлде құлақ аспаған.

Өйткені жаңа салынған үй тұрғындарының жан-айқайына бұған дейін ешкім селт етпеген, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған автор журналистерге мұңымды шағудан басқа амалып қалмады дейді. Тұрғындардың айтуынша, Ақтаудағы "Әсия" тұрғын үй кешені қолданысқа даяр емес. Арнайы комиссия неге алдын-ала қабылдап жіберген деп отыр. 32-ші ықшам аудандағы осы 83-ші үйдің құрылысы әлі толық аяқталмаған. Сыртқы сылақтары құлап, шатырдың төбесіне жиылған жаңбыр суы тұрғындардың төбелерінен сорғалап тұр.

Су құбырлары да толық аяқталмаған, ыстық су мүлде жоқ. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар атымен жоқ. Балалардың ойын алаңы қалдық құрылыс материалдарынан жасалынған. Мұнда бала ойнатудың өзі қорқынышты дейді ашынған тұрғындар.

Көпшілік қалалық әкімдік пен үйді салған компанияға талай рет арыз-шағымдарын жазған екен. Бірақ бұл проблемаға әлі күнге ешбір мекеме бас ауыртпаған.

Экспресс К бұл жағдайды назарда ұстайды.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров