"Оскар – 2022"! Лос-Анжелесте жылдың ең танымал марапаты мәресіне жетті


©AP/Chris PIZZELLO
АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында "Оскар-2022" марапаты табысталды. Шара Украинадағы жағдайды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.
Экспресс К әлем елдері асыға күткен марапаттың толық тізімін ұсынады.
АҚШ-тың ең танымал киноматографиялық марапаты биыл 94-ші рет өткізіліп отыр. Лос-Анжелестегі әлем елдері асыға күткен шара Украинадағы қақтығыстан қаза болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялаумен басталды.


Ең үздік ер адам рөлі "Король Ричард" фильмінде ойнаған Уилл Смитке табысталса, ең үздік актриса марапаты "Тэмми Фейдің көздері" фильміндегі Джессика Частейнге берілді. Ал екінші пландағы үздік актриса сыйлығы "Вестсайд тарихы" фильміндегі рөлі үшін Ариана Дебосқа бұйырды. Дәл осы санаттағы марапат ер адам рөлінде "CODA: саңырау ата-ана баласы" фильмінде ойнаған Троя Коцурге табысталып отыр.


Ең үздік анимациялық фильм — "Энканто". Ең үздік шетелдік деректі фильм санатында жапон режиссері Рюсуке Хамагутидің "Менің көлігімнің тізгініне отыр" фильмі топ жарды. Ең үздік оператор марапаты Грег Фрейзерге ("Дюна") табысталды.
- Үздік грим және шашүлгісі санаты бойынша — "Тэмми Фейдің көздері" фильмі;
- Үздік визуалды эффектілер бойынша "Дюна" фильмі;
- Қысқаметражды анимациялық фильм бойынша — "Шыны тазалағыш";
- Қысқа метражды фильм бойынша — "Ұзақ қоштасу";
- Қысқаметражды деректі фильм бойынша — "Баскетбол ханшайымы";
- Үздік саундтрек бойынша — "Дюна" фильмі;
- Үздік монтаж бойынша да — "Дюна" фильмі;
- Үздік қоюшы-режиссер жұмысы бойынша — "Дюна" фильмі;
- Үздік макияж және шашүлгісі бойынша — "Тэмми Фейдің көздері" фильмі;
- Үздік костюмдер бойынша — "Круэлла" фильмі;
- Үздік сценарий марапаты "Белфаст" фильмі үшін Кеннет Бранға бұйырса, үздік режиссер сыйлығын "Власть пса" фильмі үшін Джейн Кэмпион алды.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ, ең үздік деректі фильм "Соул жазы";
Ең үздік фильм марапаты — "CODA: саңырау ата-ана баласы" фильміне беріліп отыр.
Бөлісу