Қой

Тағы бір ауылда иттер қорадағы қойларды қырып кетті

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

Видеодан кадр

Кеше, 27 наурыз күні Павлодар облысының Ақсу қаласы полициясына Көктас елді мекенінде бірнеше ит қорадағы қойларға шабуылдағаны туралы хабарлама түседі.

Түнгі сағат 3-4 кезінде қораға кірген үш ит 12 бас малды (3 қой, 9 қозы) жарып кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Мал иесі шығын көлемін 400 мың теңге деп есептеп отыр.

Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, учаскелік инспектор бір иттің иесін анықтаған.

46 жастағы тұрғынға әкімшілік іс қозғалды. Ол 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 30 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, –

дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Аталған жайттың видеосы Instagram-дағы Типичный Павлодар парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, мұндай оқиға Жамбыл облысының Пригородное ауылында да болған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров