Сот орындаушы

Халық арасында сот орындаушыларына қатысты арыз-шағым азаймай тұр

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Мәжілісте "Атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіру" бойынша Үкімет сағаты өтті.

Жиын барысында Әділет министрі Қанат Мусин жеке сот орындаушылардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Экспресс К.

"Сот актілерін орындау — ең қиын жұмыстардың бірі. Сот орындаушыларының әркетіне қатысты шағымдар азаймай тұр, ал олардың тарапынан болатын бұзылушылықтар саны артып келеді. Халықтан түсетін талап-арыздардың жартысы осы сот орындаушыларының әрекетін даулауға қатысты. Көп жағдайда соттар оларды негізделген деп таниды", — деді Қанат Мусин.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Мәселен енді 1 ай ішінде алимент өндіру және басқа да әлеуметтік істер бойынша белсенді жұмыс істемейтін сот орындаушысынан лицензиясы тартып алынады.

"2021 жылы осындай негіз бойынша 19 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды. Былтыр алимент төлемегені үшін 316 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал 2019 жылы ондайлардың саны 62 адам еді. 2021 жылы 6 мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деді министр.

Айта кетейік, 20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ ықшамауданында орналасқан жекеменшік үйдің иесі Игорь Дужнов сот шешімін орындауға келген бес адамды атып тастады. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров