Ақтөбелік шұрық-тесік жолдың жайын өлеңмен жеткізді


Видеодан кадр
Ақтөбе қаласы мен Алға ауданының арасындағы жол шұрық-тесік. Әбден тозығы жеткен жолдың жайын тұрғынның бірі өлеңмен жеткізді.
Бұл туралы instagram-дағы Zharnama.aktobe парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.
Ақтөбе мен Алғаның арасындағы жолдан тұрғындар әбден шаршаған. Әсіресе көктемгі уақытта шұңқырларға су толып, жүргізушілер зардап шегеді. Ақтөбелік тұрғын осы көріністі видеоға түсіріп, мәселені өлеңмен жеткізген.
Алғам-ау менің Алғам- ау,
Айтуға сөзім қалмады ау.
Кеше ғана жақсы едің,
Жолдарың не болып қалған ау.
Алғам-ау менің Алғам-ау,
Не болып кетті қарғам- ау,
Шұңқыр-шұқыр жолдарың,
Ашуға ыза жалғады-ау.
Бір мердігер бұйыртып,
Жолыңды дұрыстап салмады ау,
Сондай-ақ тұрғын қалаға барған сайын дөңгелек жарылып, жолдың азабын тартып жүргенін айтады.
Оқи отырыңыз:
Әлеуметтік желі қолданушылары өлеңнің авторын қолдап, пікір білдірген. Бірі "Айтуға сөз қалмады, ызадан әндетеміз" десе, енді бірі "облыс пен қаланың әкімдері ауысып жатса да, сол баяғы бір жартас" деп жергілікті билікке реніш айтқан.
Бөлісу