Newscorr

Newscorr: Бейнекамерадағы жазба велосипед ұрыларын ұстап берді

Экспресс К

Видеодан кадр

Елордада топтасқан ұрылар көпқабатты үйлердің кіре берісінде тұрған велосипедтерді ұрлаумен айналысқан. Бірақ бұл жолы іздері суымай қолға түсті.

Ұсталғандардың екеуі 22 жаста, ал үшіншісі кәмелетке толмаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған бейнежазбада 3 ұрының бір үйдің подъезінен екі велосипедтті еш саспастан алып шыққандары көрінеді. Оқиға Нұр-Сұлтандағы Сығанақ көшесінің бойындағы тұрғынүй кешенінде болған. Осы видеоның арқасында полиция ұрыларды жедел ұстады.

Қазір қылмыстық топ мүшесінің екеуі уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған. 16 жастағы бозбала бейімдеу орталығына жіберілді.

Ал кәмелетке толған екеу 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны Экспресс К редакциясының Newscorr сервистік қызметіне оқырманымыз жолдаған болатын.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров