Мәди Ахметов

Депутат Мәди Ахметов жаңа қызмет ашуды сұрады

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Мәди Ахметов

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов жанжалды істерде сот орындаушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында Әділет министрлігіне шетелдік тәжірибе ұсынды.

Депутат министрден елімізде сот приставы деген қызмет ашуды сұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

"Көршілес мемлекеттерде сот приставтараның екі түрі бар. Бірі — орындаумен айналысатын сот орындаушысы, екіншісі — сот актілерін орындауда күштік қолдау көрсетіп, соттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сот приставы. Елімізде жыл сайын мемлекеттік сот орындаушыларының саны қысқарып келеді. Міне солардың орнына шетелдегідей күштік қолдау көрсете алатын сот приставтары қызметін аша аламыз ба?" — деп сұрады Мәди Ахметов министрден.

Еліміздің Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, бұл өте күрделі мәселе.

"Біз қазіргі жеке сот орындау жүйесіне 2010 жылы көштік. Мысалы Ресейде ондай жоқ, оларда сот шешімдері федералды сот приставтарының қызметімен орындалады. Бұл мемлекеттік орган болғандықтан, заңмен әртүрлі қызмет берілген. Тіпті күш қолдана алады деген құқықтары бар. Бұл мәселені қарау керек, бірақ маған Ресейден гөрі, АҚШ-тың тәжірибесі әлдеқайда ұнайды", — деп жауап берді Әділет министрі.

Қанат Мусин бұған дейін халық арасында сот орындаушыларына қатысты арыз-шағым азаймай тұрғанын айтқан еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров