Әуежай

Орал әуежайына қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың есімі берілді

Олжас НҰРЖАҚЫП

Wikipedia

Орал қаласындағы әуежайға қазақтың қаһарман қызы, Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді.

Қаулы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін Орал әуежайына беру туралы Үкіметтің 18 наурыздағы қаулысына Әлихан Смайылов қол қойды.

"Орал" халықаралық әуежайы " жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін,

— деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстанның Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген. Шын есімі — Мәнсия. Анасы моншағым деп жиі еркелеткеннен Мәншүк атанып кеткен.

1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ол ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров