Қазақстан - Орталық Азияда Украинамен диалогқа келген жалғыз мемлекет

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты The Economist басылымы қызықты мақала жазды. Онда Қазақстанның Украина президенті Владимир Зеленскиймен диалогта болған аймақтағы жалғыз мемлекет екені айтылады.

Мақалада бұдан бөлек Ресейге салынған санкциялардың Орталық Азия елдеріне тигізген салдары туралы да жазылған, деп хабарлайды Экспресс К.

The Economist басылымының жазуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғыста Орталық Азия елдері екұшты саясатты ұстанып отыр. Олар Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптаймайды және оны қолдап та отырған жоқ.

Мәселен БҰҰ Бас ассамблеясында Ресейдің Украинаға соғыс ашуын айыптаған дауыс беруде Орталық Азияның үш елі қалыс қалды, екеуі жиынға мүлдем келген жоқ. Сонымен қатар, мақалада Қазақстанның Ресейдің Украинаға басып кірген кезден бері Владимир Зеленскиймен диалогта болған аймақтағы жалғыз мемлекет екені аталады.

Бұдан бөлек Ресейге салынған санкциялардың салқыны Орталық Азия елдеріне де қатты әсер етті. Рубльдің құлдырауы көрші елдердің валюталарының құнсыздануына әкелді. Мәселен шапқыншылық басталғаннан бері қырғыз сомы 15 пайызға, қазақ теңгесі 14 пайызға құлдырады. Өзбекстан мен Тәжікстанда Ресейден келетін ақша аударымдары барынша азайған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров