"Көп күттім". Кеше інісінің емес, Қайрат Нұртастың үйлену тойы болғандай

Лаура БИҒАЛИ

Видеодан кадр

Күні кеше ғана танымал әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртастың үйлену тойы дүркіреп өтті.

Алайда елдің назары екі жаста емес, Қайрат пен Жұлдыздың қайтa қосылғанында болды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Қайрат әйелінен ажырасты" деген қаңқу сөз осыдан бір жыл бұрын әлеуметтік желіде тарады. Тіпті олардың бірге тұрмайтынын әншінің анасы Гүлзира Айдарбековада растаған еді.

Тойға 600 адам қонақ болып келді. Олардың барлығы дерлік Қайрат пен Жұлдыздың әрбір әрекетін бақылап, видеоға түсірумен болды. Желіде тараған мына бейнежазбада Жұлдыз күйеуі Қайраттың алдында сексуалды би билегені анық көрінеді. Ал Қайрат оның белін қапсыра құшақтап алған. Екеуі "Сен қорқақсың" атты әнге еліріп билеп жүр.

Бұны көрген желі қолданушылары қайта көңіл жарастырған әнші мен актрисаға бақыт тілеп жатты.

"Мен осы сәтті көп күттім". "Жұлдызды көріп қуанып жатырмын". "Бақытты болыңдар". "Заңғардың емес, Қайраттың тойы сияқты",

— деп жазды желі қолданушылары.

Қайрат інісінің тойына ерекше аяқ киім киіп келіп, елді таңқалдырды. Әнші екі мың доллар тұратын туфлиін көрсетіп, мақтанды. Оны Дубайға барғанда сатып алған.

Туфлиім жерге төселген кілеммен бірдей. Дубайдан сатып алғанмын. Екі мың доллар тұрады,

— дейді Қайрат Нұртас.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров