Жауынгер сүйегі

Ит-құсқа жем болған жауынгердің мәйіті жұртты шошытты

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Ғаламторда қаңғыбас иттердің әскери киімдегі сарбазды жеп жатқан видеосы жұрттың жағасын ұстатты.

Қабырғалары арсиып, тек қаңқасы қалған әскеридің қашан, қайда қаза тапқаны белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Жантүршігерлік бейнежазбаны журналист Ерқанат Көпжасар өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ондағы кадрлардан өлген сарбаздың денесін ит-құстың жеп жатқанын байқауға болады. Қаңқасы ғана қалған жауынгер қай елдің сарбазы екені белгісіз.

Кеше ғана Зеленский ресейлік арнаға берген сұхбатында "Ресейдің қаза тапқан әскерлерін ұрыс даласынан әкетпеуі нағыз жабайылық" деп айтқан еді. Видеода "арнайы операцияда" мерт болып, ит-құсқа жем болған Ресей сарбазының мәйіті,

— деп жазды Ерқанат Көпжасар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров