Newscorr

Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолында жүздеген жүк көлігі кептеліп қалды

Экспресс К

Видеодан кадр

Жолдағы ыңғайсыз жағдай Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аумағында болған. Ауыр жүк көліктері тайғанақтап тас жолдың биіктеу тұстарына мүлде көтеріле алмай қалған.

Бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісіне қолайсыз ауа-райы себеп болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-дың тұрақты оқырманы жолдаған бейнежазбада жүздеген жүк көліктерінің тоқтап тұрғанын байқауға болады. Түнгі жауыннан кейін тас жолдың беті жылтыр мұзға айналған. Жеңіл машиналар жүре алғанымен ауыр жүк көліктері мұз құрсауда қалып қойған.

Бейнежазба авторының айтуынша жол тазалаушылар құм сеуіп жатқанымен, ол да көмектеспепті. Өйткені бір орнында тұрып қалған көліктер жолдың жартысына жуығын жауып қалған. Ал олардың арасына кіріп құм себу үшін ондаған сағат уақыт қажет.

Еске салсақ, аталған тас жолдың осы учаскесіндегі проблема көптеген жылдар бойы шешілмей келе жатыр. Осындай олқылықтары үшін жауапты мекемеге былтыр ғана 74 миллион теңге айыппұл салынған болатын.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров