Көлік

"Том мен Джери". Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, одан өздері қашып кетті

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы МАИ қызметкерлерінің түсініксіз әрекетіне көпшілік таң қалды.

Бейнежазбаны түсірген адамның сөзінше, оқиға халықаралық тас жолда болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан трасса бойында келе жатқан көлікті МАИ қызметкерлерінің тоқтатып жатқанын көруге болады. Олар көліктің артынан жүйіткіп келіп, арнайы дыбыстық сигналын қосады. Ал көлік тоқтай бергенде, полицейлер өз көлігін кері бұрып кетіп қалады. Әлгі тоқтатқан көлік те артынан ереді. Бірақ МАИ қызметкерлері алды-артына қарамай қаша жөнеледі.

Бұл жағдай көлік жүргізушісін ғана емес, әлеуметтік желі қолданушыларын да таң қылды.

"Камераға түсіріп жатқанын біліп, қорқып кетті-ау", " Мүмкін ақша істегілері келген шығар" ," Сасқан үйрек артымен жүзеді" — деп жазды пікір білдірушілер.

Бұған байланысты құзырлы орган өкілдері қызметтік тексеріс жүргізіп жатқандарын жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қызметтік тексеру басталды. Осы тексеру аяқталған соң полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады,

— деп мәлімдеді полция департаментіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров