Жол апаты

Белгілі блогер жол апатынан қаза тапты

Экспресс К

instagram.com

Әріптестері мен оқырмандары Дәулет Бейсенбектің туыстары мен жақындарына әлеуметтік желі арқылы көңіл айтып жатыр.

Дәулет Бейсенбектің екі баласы бар. Жұбайы екеуі тағы бір сәбидің дүниеге келуін күтіп жүрген еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның Instagram-дағы парақшасында 750 мыңнан астам оқырманы бар.

Блогердің соңғы посты осыдан үш күн бұрын жарияланған. Ол бала күннен бергі әуестігі кино және ойындар туралы жазды.

11 наурызда оқырмандарына әйелі Замираның жүкті екенін сүйіншілепті. Ал 3 наурызда кішкентай қызын туған күнімен құттықтаған.

instagram.cominstagram.com
instagram.com

Жолдас-жоралары Instagram-да блогердің отбасына қайғыра көңіл айтып, оның жақсы адам екенін жазып жатыр.

Дәулеттің қайтыс болғанын естідім. Шығармашыл, жарқын мінезді, көңілді адам еді. Екі баласы мен жүкті әйелі қалды. Туыстарына шын жүректен көңіл айтамын,

— деп жазды танымал блогерлердің бірі Эльмира Төлегенова.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол апаты туралы ақпаратты растады. Оқиға 27 наурызда таңғы сағат 7 шамасында республикалық маңызы бар Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының 282-ші шақырымында болған.

"Honda Odyssey" автокөлігі Тараз — Алматы бағытында келе жатып аударылған. Жол апаты салдарынан 29 жастағы жолаушы (Дәулет Бейсенбек — ред.) көз жұмды. Жарақаттанған жүргізуші мен басқа екі жолаушы Меркі ауданының орталық ауруханасына жеткізілді,

— деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар жүргізіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров