Қажылық

Қажылыққа барған қазақстандықтар қандай қонақүйлерге тұрақтайды?

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Кіші қажылықта жүрген қазақстандықтар бұған дейін Мединедегі қонақүйлерге қатысты сын айтқан еді. “Qazaq Travel” туристік компаниясы Экспресс К тілшісіне жағдайдың реттелгенін айтып отыр.

Умраға аттанған әр азамат компанияға 650 мың теңгеден берген, деп хабарлайды Экспресс К.

Ғаламторда бұған дейін қонақүйге қатысты дау туындаған еді. Бірақ жағдай тез арада оң шешімін тапқан. "Qazaq Travel" туристік компаниясының маркетологы Қарлыға Темірғалидың айтуынша, сондағы серіктес компаниямен арада түсініспеушілік орын алған.

"Карантиндік шектеулер алынғалы бері қажылыққа баратындардың саны күрт көбейді. Көп қонақүйлер әлі ашылып үлгерген жоқ. Бұдан бөлек Медине қаласындағы Пайғамбар мешітін үлкейтуге байланысты, қасындағы бірнеше қонақүй бұзылды. Сондықтан ол қалада қазір қонақүй тапшы. Бізбен бірлесіп жұмыс істейтін сол жақтағы компания бізге осы қонақ үйді ұсынды. Әдемі суреттерін көріп, осы қонақ үйге орналастырдық. Барған кезде көрдік қонақ үйдің жағдайы нашарлау екен. Бірден басқа қонақ үй іздеуге кірістік. Біз өз қаржымызға қажыларды 5 жұлдызды жақсы қонақ үйге орналастырдық, -деді Қарлыға Темірғали.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров