Қазақстандық

Қазақстанда туып, өзге елдің атын шығарған спортшылар кімдер?

Есен ҮРКІМБАЙ

Коллаж ЭК

Қазақ топырағында туып-өсіп, кейін тарихи отанына оралған соң айтулы табысқа жеткен спортшылар көп. Бокс, дзюдо секілді спорт түрлерінен Олимпиада Ойындары, әлем чемпионаттарында табысты өнер көрсеткен бұл спортшылар туған жерін ұмытпайды.

Экспресс К тілшісі Қазақстанда туып, кейіннен шет елге қоныс аударып, табысқа жеткен спортшылар туралы мәліметтерді ұсынады.

Надежда Торлопова

Надежда Торлопова/©Getty IMAGES/Scott HEAVEYНадежда Торлопова/©Getty IMAGES/Scott HEAVEY
Надежда Торлопова/©Getty IMAGES/Scott HEAVEY

Бокстан Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Надежда Торлопова 1978 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданында өмірге келген. Боксқа 28 жасында келген ол жастық шағын Өскеменде өткізді. Студент кезінде педагогикалық колледждің баскетбол құрамасында ойнады.

20 жасында тарихи отаны Ресейге оралған ол тұрмысқа шығып, ұлды болды. Кейін ұлы алты жасқа толғанда бокс секциясына жетелеп апарды. Баласын қолдау үшін өзі де бокс қолғабын кигенін айтады. Қызық болғанда, балалар жаттықтырушысы Сергей Клочков Надежданың боксқа ебі барын байқап, жеке жаттығуға шақырады.

Осылайша 2006 жылы боксқа кездейсоқ келген Надежда Торлопова алты айдан соң облыс, аймақ чемпионы атанады. Арада бір жыл өткенде Ресей чемпионы, екі жылдан кейін Еуропа чемпионатының жеңімпазы болды. 2010 жылы әлем чемпионы болған ол арада екі жыл өткенде Лондон Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Боксқа кеш келіп, мансабын ерте аяқтаған ШҚО тумасы осылайша алты жылда көптеген кәсіби спортшы қол жеткізбеген жетістікті көрсетті.

Сергей Водопьянов

Сергей Водопьянов/©Getty IMAGES/Matthew STOCKMANСергей Водопьянов/©Getty IMAGES/Matthew STOCKMAN
Сергей Водопьянов/©Getty IMAGES/Matthew STOCKMAN

Бокстан әлем чемпионы Сергей Водопьянов 1987 жылы Талдықорғанда туған. 2002 жылы ата-анасымен бірге Ресейдің Краснодар аймағына қоныс аударады.

Бокс қолғабын алғаш Қазақстанда киген Сергей Ресейде де спортты жалғастырды. 2007 жылы РФ чемпионы атанған ол сол жылы әлем чемпионатында топ жарды. Чикагода өткенде әлем біріншілігінде Сергей Водопьянов 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шығып, Бейжің Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Алайда ол екі рет Олимпиада ойындарына қатысқанымен, онда жеңіске жете алмады.

Виталий Дунайцев

Виталий Дунайцев/©Getty IMAGES/Warren LITTLEВиталий Дунайцев/©Getty IMAGES/Warren LITTLE
Виталий Дунайцев/©Getty IMAGES/Warren LITTLE

Бокстан әлем чемпионы Виталий Дунайцев 1992 жылы Қазақстанда туған. 2001 жылы Ресейге көшіп кеткен ол бокста айтулы табыстарға қол жеткізді. Мәселен, 2013-2014 жылдары ол Ресей чемпионы атанса, 2015 жылы әлем және Еуропа чемпионатында қарсылас шыдатпады. Риодағы ойындарда 64 келіде қола жүлде иеленді.

Иван Нифонтов

Иван Нифонтов/©Getty IMAGES/Quinn ROONEYИван Нифонтов/©Getty IMAGES/Quinn ROONEY
Иван Нифонтов/©Getty IMAGES/Quinn ROONEY

Дзюдодан Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Иван Нифонтов 1987 жылы Павлодар қаласында туған. Иван 10 жасқа толғанда ата-анасы Ресейдің Барнаул қаласына көшкен.

Дзюдомен кәсіби түрле шұғылданған ол 81 келіде 2009 жылы әлем және Еуропа чемпионы атанып, Лондон Олимпиадасында қола жүлде еншіледі. Сонымен бірге 2014 жылы әлем біріншілігінен қола, 2015 жылы І Еуропа Ойындарынан күміс медаль иеленді.

Камран Шахсуварлы

Камран Шахсуварлы/©Getty IMAGES/Dean MOUHTAROPOULOSКамран Шахсуварлы/©Getty IMAGES/Dean MOUHTAROPOULOS
Камран Шахсуварлы/©Getty IMAGES/Dean MOUHTAROPOULOS

Бокстан Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері Камран Шахсуварлы Ақтөбе қаласында туған. 2013 жылға дейін облыс атынан сынға түскен Камран С.Қонақбаев атындағы турнирде жеңімпаз атанды. Тоғыз жыл бұрын арнайы шақырумен атамекені — Әзірбайжанға кеткен ол Рио Олимпиадасында және 2017 жылы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Хидаят Гейдаров

Хидаят Гейдаров/©Getty IMAGES/Igor KRALJХидаят Гейдаров/©Getty IMAGES/Igor KRALJ
Хидаят Гейдаров/©Getty IMAGES/Igor KRALJ

Дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Хидаят Гейдаров 1997 жылы Қарағанды қаласында туған. Кішкентай күнінде ол Әзербайжанға ата-анасымен бірге кетіп, есейген шағында дзюдо секциясының есігін ашты.

Ересектер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2018-2019), Еуропа чемпионы (2017), Еуропа Ойындарының қола жүлдегері (2015), Ислам ынтымақтастығы Ойындарының жеңімпазы (2017) атанды.

Ағайынды Кличколар

Владимир Кличко ағасы Виталий Кличкомен/©Getty IMAGES/MARK SANDTENВладимир Кличко ағасы Виталий Кличкомен/©Getty IMAGES/MARK SANDTEN
Владимир Кличко ағасы Виталий Кличкомен/©Getty IMAGES/MARK SANDTEN

Кәсіпқой бокста әлемге танымал Владимир Кличконың да қазақ топырағында дүниеге келгені көпшілікке белгілі. 1976 жылы бұрынғы Семей облысының Жарма ауданында туған. Әкесі әскери қызметте жүргенде өмірге келген ол кейін Украинаға кетеді.

Ағасы Виталий 1995 жылы бокстан әлем чемпионатында аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанса, інісі Владимир де сол салмақ дәрежесінде 1996 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Араға уақыт салып, Атланта Олимпиадасында чемпион болды. Кейін кәсіпқой боксқа ауысқан ол бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы атанған.

Динара Әлімбекова

Динара Әлімбекова/©Getty IMAGES/Franz KIRCHMAYRДинара Әлімбекова/©Getty IMAGES/Franz KIRCHMAYR
Динара Әлімбекова/©Getty IMAGES/Franz KIRCHMAYR

Қысқы спорт бойынша биатлоннан 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Олимпиадада әйелдер эстафетасынан чемпион атаған Динара Әлімбекова 1996 Қарағанды облысында дүниеге келген. Әкесі қазақ, анасы белорус спортшы ес білген шағы жырақта өткендіктен, өзін қазақ топырағымен байланыстырмайтынын бұған дейін айтқан еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров