Бас прокуратура

Бас Прокуратура Украина мен Ресей арасындағы қақтығысқа қатысты үндеу жасады

Олжас НҰРЖАҚЫП

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Болат Дембаев Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығыстың бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланып жүрген материалдарына қатысты үндеу жасады.

Үндеу Бас Прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Үндеу "2022 жылдың ақпан айынан бастап бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдар (жарияланымдар, бейнесюжеттер, хабарламалар, пікірлер) белсенді жарияланып жатыр" деп басталады.

Бұл ретте БАҚ және әлеуметтік желілердің ішіндегі жекелегендері Қазақстан азаматтарын осы жанжалға қатысуға шақырулармен, ұлттық араздықты қоздыру, екі тараптың да азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар қасақана арандатушылық мәлімдемелермен және көрінеу жалған ақпараттарын жариялап жатыр. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары, соның ішінде Қазақстан азаматтарының арасынан болып жатқан оқиғаларға жария түрде түсіндірме бере отырып, оларға еліміздің аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулерді орналастыруда, — деп жалғасады Болат Дембаевтың үндеуі.

Әрі елімізде екі ел арасындағы шиеленісті жазуда осындай әрекеттерге конституцияда тыйым салынатыны да айтылған.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерде осындай арандатушылық сөздер мен шақыруларға берілмеуге шақырамыз,

— дейді Дембаев.

Сонымен қатар, мұндай іс-әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратынын түсіндірген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат таратқан үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеміз, — дейді Дембаев.

Үндеу соңында ел азаматтары мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды осы мәселеге қатаң назар аударуға, мән беруге шақырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров