Newscorr

Newscorr: Жас келін өз тойында өртеніп кете жаздады

Экспресс К

Видеодан кадр

Той көйлегімен селфи жасап тұрған жас келін ақ орамалының тұтана бастағанын байқамай қалған. Ал қонақтар флешмоб жасаумен әуре боп жүр.

Жұрт бұл оқиғаның той ма, әлде бір комедиялық фильмнің үзіндісі екенін де түсіне алмай жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға түскен бейнежазбада кәдімгідей үйлену тойы болып жатыр. Дастархан шетіндегі меймандар болса түсініксіз би қимылдарын жасап, біртүрлі ән салады.

Кадрде селфилетіп жатқан келіннің фатасы өртене бастады. Бірақ оны өзі сезіп тұрған жоқ. Аузы ашылып абдырап қалған күйеу жігіт болса, жанындағыларды көмеккке шақыруға шамасы әзер жетті. Қызыл жалын өрши бастағанда жас келіннің артында тұрған қонақтар өрт шалған жерге шапан жауып үлгерді. Артынша арнайы өрт сөндіргіш құралы да табылып, жас келінді аман алып қалды.

Еске салсақ, мұндай біртүрлі әрі оғаштау видео роликтер әлеуметтік желілерде көптеп тарала бастаған.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров