Ермұхамет Ертісбаев

Бұрынғы министр Ертісбаев саясатқа оралды

Бек ТӨЛЕУОВ

qhp.kz

Бұрынғы Мәдениет, ақпарат және спорт министрі және ҚР Президентінің саяси кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев саясатқа оралды.

Ол бүгін Қазақстан халық партиясының кезектен тыс съезінде төраға болып сайланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ермұхамет Ертісбаев осыдан 10 күн бұрын партия қатарына қосылғаны ресми хабарланған. Ал бүгін съезде төрағалыққа сайланды. Ал бұған дейін Қазақстан халық партиясына жетекшілік еткен Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбары ретінде қалды.

qhp.kzqhp.kz
qhp.kz

Ермұхамет Ертісбаев партия мүшелеріне сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, осы сенімді толық ақтау үшін өзінің күшін, білімін және саяси тәжірибесін жұмсауға уәде берді.

Ермұхамет Қабидинұлы 1956 жылы 19 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ал 2006 жылы қаңтар айынан бастап, Мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болған.

Одан бөлек, Қазақстанның Грузия және Беларусь елдеріндегі елшісі қызметтерін атқарған.

2019 жылы зейнетке шығуына екі ай қалғанда, Беларусь еліндегі елшіліктен босатылып, содан бері ресми еш жерде жұмыс істемеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров