Шоу-бизнес

Қазақстандағы танымал әншінің жалаңаш суреттері желіде жүр

Экспресс К

instagram.com/farema_kazakpayeva

Өнер иесі Фарема Қазақпаеваның аккаунты бұзылған.

Осыдан соң, намыстанған Фарема көрермендері мен әлеуметтік желідегі оқырмандарының алдында бір жылап алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әнші қыз әлеуметтік желіде екінші аккаунт ашып, сол жаққа өміріндегі қызықты сәттерден естеліктерді сонда жүктеп отыратын. Алайда, хейтерлердің бірі оның аккаунтын бұзып, тыр-жалаңаш түскен суреттерін желіге жүктеп жіберген.

Өкініштен өзегім өртеніп барады. Аккаунты қалпына келуге тырысқанымызбен, қолымыздан келмеді,

дейді жыларман болған Фарема.

Ең қызығы, оның аккаунтын бұзған адам жасырын атпен Фаремаға дөрекі хаттар жолдаған.

Сенің аяғыңнан шалғаным емес, саған сол керек! Енді несіне жылайсың?,

деп жазған ол.

Тіпті ашуға бұлыққан Фарема аккаунтын бұзған адамды қорқытпақшы да болыпты.

instagram.com/farema_kazakpayevainstagram.com/farema_kazakpayeva
instagram.com/farema_kazakpayeva

Мен сені тауып алып, көзіңе көк шыбын үймелетемін,

дейді Фарема.

Бұны естіген хейтер тіпті ашуланса керек. Фареманың интимді суреттерінен басқа оның желідегі жеке хаттарын да жария етемін деп қорқытқан.

instagram.com/farema_kazakpayevainstagram.com/farema_kazakpayeva
instagram.com/farema_kazakpayeva

Қорқып кеттің бе? Мен тек сенің қандай екеніңді көрсеткім келеді. Енді жеке хаттарыңа көшемін,

деп жазба қалдырған белгісіз адам.

Сол белгісіз хайтердің айтуынша Фарема аккаунтын қайтару үшін оның шотына 450 мың теңге аударған. Алайда, Қазақпаева бұл ақпаратты жалған дейді.

instagram.com/farema_kazakpayevainstagram.com/farema_kazakpayeva
instagram.com/farema_kazakpayeva

Фареманың оқырмандары мен көрермендері бұл даудың соңы немен аяқталарын аңдып отыр. Ал, әнші қызға тек сабыр мен шыдамдылық қажет-ақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров