Ерке Есмахан шапалаққа шаттана, бөксесімен билеймін деп елдің есін шығарды


instagram.com/erke_esmahan
Әнші Ерке Есмахан ел қалаларын аралай қойған концерттік кештерінің бірінде көрермендерінің шапалағына биледі. Бірақ үстіне жабыстыра киген көйлегімен, бөксесін бұлғаңдатқан оның бұл әрекеті көптің көңіліне жақпай қалған.
Желі қолданушылары әншінің бұл биін тым артық кеткендік деп сынауда, деп хабарлайды Экспресс К.
Халықтың құр шапалағына шаттана, бұлғаңдай билеген әншінің әрекеті Іnstagram-дағы Dudoser_video парақшасында жарияланды. Видеода тырысқан көйлек киген Ерке Есмахан айнала билейді. Тіпті бөксесін бұлғаңдатып, бұрала қозғалғанын да көруге болады.
Әншінің бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының көңіліне жақпай қалған. Олар пікірлерін тоқтаусыз жазуда.
Оқи отырыңыз:
"Арсыз неме, күйеуіңе ғана бұлғаңда, елден ұял". "Барын көрсетіп тұрма? Масқара". "Бөксесі дәулер сол жерден басқа қай жерін қимылдатады". "Киімін шеше салмады ма, бәрі көрініп тұр ғой". "Жиіркенішті, осы қыз қуды",
Еске салайық, ЭК бұған дейін әнші Қарақат Әбілдинаның тойда әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты жылатып алғанын жазған еді.
Бөлісу