Қылмыс

"Вова ағаны көмекке шақырамын" деген журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Любовь Панова

Алматы полиция департаменті "Еуропа Плюс Қазақстан" радиостанциясының бұрынғы қызметкері Любовь Пановаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол Facebook-те ұлтаралық араздық тудырған жазба қалдырған еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Любовь Панова есімді Алматы тұрғыны "Ресей ұзақ өмір сүрсін" деген жазбаның астында басқа пайдаланушылармен сөзге келіп, "көп сөйлей берсеңдер, Вова ағаны көмекке шақырамыз", "келімсектер" және "Қаңтар оқиғасында сендерді кім қорғағанын ұмытып кетіпсіңдер" деп пікір қалдырған.

Әлеуметтік желіде дау туғызған бұл жазбаға қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеме жасады.

Полиция департаментінің тергеу басқармасы аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Қазір тиісті сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады,

— деп жазды Рустам Абдрахманов.

Бұдан бөлек, Любовь Панова жұмыс істеген "Еуропа Плюс Қазақстан" радиостанциясы онымен жұмыс істеуді тоқтатқанын хабарлады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров