Ережесіз жекпе-жек

Қазақстандық ММА шеберлері әлем чемпионатынан 7 алтын иеленді

Есен ҮРКІМБАЙ

facebook.com/aidar.makhmetov

Амстердамда ММА-ден өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар табысты өнер көсетіп, 7 алтын медаль иеленді. GAMMA тұжырымы бойынша өткен сында Қазақстан құрамасы 17 жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық спортшылар аралас жекпе-жектен әлем чемпионатында 7 алтын иеленді, деп хабарлайды Экспресс К.

Нидерландта өткен әлем чемпионатында қазақ спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ММА и Striking MMA тұжырымдарында 7 алтын, 8 күміс, 2 қола медаль еншіледі. Бұл туралы Айдар Махметов әлеуметтік желіде жариялады. ҚР ММА және панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеевтің басшылығымен Еуропаға аттанған отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

facebook.com/aidar.makhmetov

Алтын медальға Ерназ Мұсабек (57,8 кг ММА), Көшен Ақанов (65,8 кг, ММА), Елжан Гасанов (77,1 кг, ММА), Имран Тайсұлтанов (93 кг, ММА), Кайрат Жарекеев (93 кг, (Striking MMA), Сайран Сағындықов (61,2 кг, Striking MMA), Бекжан Әбілқасым (52,2 кг, Striking MMA) болды.

facebook.com/aidar.makhmetov

Белгіжан Сейтенов (65,8 кг ММА), Меруерт Ибраева (65,8кг, ММА), Ахмет Әмір (52,2кг, Striking MMA), Ермахан Орынтаев (56,7 кг, Striking MMA), Нұртаза Жұмақанов (70,3 кг, Striking MMA), Айкөрік Қуандықова (61,2 кг, Striking MMA), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (120кг, Striking MMA), Томирис Жүсіпова (52,2 кг. Striking MMA) күміс жүлдемен күптелсе, Сәбит Жүсіпов (70,3 кг, ММА) пен Мәдина Қатызина (52,2, ММА) қола медальді ел қоржынына салды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров