Шоу-бизнес
"Үш айлық". Айгүл Иманбаева жүкті екенін гинеколог дәрігерден білді


instagram.com/aigul_imanbayeva
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің аяғы ауыр екенін жасырмай желіде айтты.
Ол бұл жаңалығын дәрігерден білді, деп хабарлайды Экспресс К.
Әншінің бойына бала біткеніне үш ай толыпты. Видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Айгүл акушер-гинеколог дәрігерінің қабылдауында отыр. Актрисаның сөзінше, оның жүктілігіне үш ай.
Оқи отырыңыз:
Бұл менің акушер-гинеколог дәрігерім. Есімі Ләззат. Міне, отырмыз үш айлық. Бұйыртса, күтіп отырмыз. Күтіңіздер жақсы хабар. Бәрін айтып қойдым,
Жақында Иманбаева 45 жасын тойлағанын айта кетейік. Тіпті сол қуанышты кеште Айгүлдің бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов оны өзі ұзатқысы келетінін айтқан.
Бөлісу