Жол апаты

Ақтауда адам қаққан сұмдық жағдай бейнежазбаға түсіп қалды

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Ақтаудағы ықшамаудандардың бірінде жол үстінде Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апатынан зардап шеккен адам аман қалды.

Ақтауда жаяу жүргіншіні Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі қағып кетті, деп Экспресс К.

Жолды кесіп өтпек болған 16 жастағы қыз бала бірден Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жүргізушіге ҚР әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыптұраққа қойылған.

"27 наурызында сағат 15:30 шамасында Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі 12 шағын ауданда Qazaq Oil жанар-жағармай бекетіне қарсы жолда қозғалысқа кедергі болған жағдайда шара қолданбай, тиісті емес жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті", — деді МО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Жалпы, бұл Маңғыстау облысындағы алғашқы жағдай емес. Бұған дейін қала ішінде жаяу жүргіншіні қаққан жол-көлік оқиғасы бірнеше рет тіркелген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров