Ішімдік

Түркістан облысында әкім орынбасары кафе алдында шу шығарды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы дәмхана алдында ер кісі шу шығарды. Сырт көзге ішімдікке сылқия тойып алған ол өзін әкім орынбасарымын деп таныстырады.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбаны алғашқылардың бірі болып Youtube–тағы "Жолдағы бақылау" (Дорожный контроль) каналы жариялады. Онда костюм-шалбар киген ер кісі дәмхана қонақтарымен ерегіседі. Жанжал кезінде ол өзін Ақсукенттегі әкім орынбасары екенін айтады. Кафе қонақтарының ерегісі былапыт сөздерге ұласады.

Youtube-каналындағы ақпаратта видео кейіпкерлері Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев пен Сайрам аудандық ПБ анықтау бөлімінің бастығы Нұржан Сұлтанбаев пен осы бөлім қызметкері Руслан Қайнаров болуы мүмкін екенді жазылған.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Осы бейнежазбаға қатысты Түркістан облысы әкімдігіндегілер пікір білдірді.

Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр. Видео кейіпкері денсаулығына байланысты уақытша демалысқа шыққан,

деді әкімдіктегілер.

Ал Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиға 17 наурыз күні Сайрам ауданында болған деп отыр.

Бұл оқиғаның Сайрам ауданында болғаны анықталды. Бейнежазбадағы жанжал Түркістан облысы Полиция департаментінің назарына алынып, қызметтік тексеру жұмыстары басталды. Қосымша мән-жай хабарланады,

деді Полиция департаментіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров