Телефон

Телефондағы "+77" және "+76" кодтарына қатысты жаңалық шықты

Экспресс К

facebook.com/BagdatMussin

Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халықаралық кодтарға қатысты жаңалықты жария етті.

Оның айтуынша, енді Apple телефондарына "+77" мен "+76" халықаралық кодтарымен түсетін қоңыраулар алдағы уақытта "Қазақстан" деп көрсетіледі, деп хабарлайды Экспресс К.

"Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік. Енді "+77" және "+76" халықаралық кодтарынан түсетін қоңыраулар "Қазақстан" деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі телефондарда бұл проблема шешілді", — деп жазды министр.

Біз бұған дейін Қазақстанның +7 деген DEF-коды +997-ге ауысатыны туралы жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров