Атырауда 100 келіге жуық бекірені заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Есен ҮРКІМБАЙ

ПД баспасөз қызметі

Атыраулық полицейлер 100 келіге тарта бекірені заңсыз тасымалдаған тұрғынды ұстады. Браконьерлік жолмен оңай олжадан ақша таппақ болған азамат енді заң алдынды жауап береді.

Атырауда 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Атырау-Астрахан" тас жолы бойында тексеру жүргізді. Сол кезде 43 жастағы ер адам тізгіндеген Datsun автокөлігінің жүк салғышынан 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

"Қазір бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған 1979 жылы туған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", — дед Атырау облыстық полиция департаментінің өкілі Нұрхат Оразбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров