Ауыр атлетика

Тағы бір Олимпиада жүлдегері допингпен ұсталды

Экспресс К

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы

Бүгін қазақстандық алты ауыр атлет допинг дауына ілікті. Олардың допинг талдаулары оң нәтиже көрсеткен.

Бұл туралы Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Экспресс К.

2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді.

Бақылау қорытындысы бойынша 6 спортшының допинг қолданғаны анықталды:

Олардың арасында 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Игорь Сон да бар.

  1. Абылай Әуелханов;
  2. Игорь Сон;
  3. Юлия Потасова;
  4. Руфина Шалқарова;
  5. Алексей Дроздов;
  6. Матвей Макрушин.

Барлық спортшылар Алматы облысының өкілдері.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы оқиғаға қатысты ішкі тергеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон соғылған көлігін көрсеткен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров