Гуманитарлық көмек

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді

Экспресс К

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді.

Министрліктің мәліметінше, ұшақ Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына барған, деп хабарлайды Экспресс К.

"Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек — антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды", — делінген хабарламада.

Қайтар жолда жүкті жеткізген "Бүркіт" мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін алып келеді деп жоспарлануда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров