Өрт

Қостанайда өртенген үйден төрт адамның мәйіті табылды

Экспресс К

Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қостанайда тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам қаза тапты.

Бұл туралы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

27 наурыз күні сағат 13:57-де Қостанайдағы Тобольская көшесіндегі 2 қабатты жекеменшік үйден өрт шыққан.

"Өрт орнында үй-жайды жалға алған 1988 жылы туған азаматтың денесі табылды, өрт кезінде зардап шеккен 1985 жылы туған тұрғын жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Көрші бөлмеде өрт сөндірушілер 2011 және 2013 жылы туған екі қыздың мәйітін тапты", — делінген хабарламада.

Сағат 15:05-те өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 23 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров