Facebook

Ресейліктерге Facebook пен Instagram-ды қолдануға рұқсат берілді

Экспресс К

Рixabay

Ресейліктерге бұғатталған Facebook және Instagram әлеуметтік желілерін заңды мақсатта пайдалануға рұқсат етілді.

Бұл туралы Мәскеу сотының сайтында жарияланған сот шешімінің мотивациялық бөлігінде айтылған, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бұл сот қорғау шаралары заңмен тыйым салынған қызметке қатыспайтын жеке және заңды тұлғалардың Meta бағдарламалық өнімдерін пайдалану жөніндегі іс-әрекеттерін шектемейді", — дейді Мәскеудің Тверь соты

Meta компаниясының әлеуметтік платформаларының қызметіне Бас прокуратураның талабы бойынша тыйым салынды, оған Украинадағы пайдаланушыларға орыстарға қарсы зорлық-зомбылық әрекетіне шақыруға мүмкіндік беретін Facebook саясатындағы өзгеріс түрткі болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров