Ақмола облысында спорттық жарыс кезінде мұғалім қайтыс болды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қайғылы оқиға 28 наурыз күні Біржан сал ауданында ұстаздар арасындағы «Мұғалім» чемпионатының іріктеу турнирі кезінде болған.

Ақмола облыстық полиция департаменті мұғалімнің денесін тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К "Көкшетау Азия" ақпарат агенттігініе сілтеме жасап.

"Волейбол ойыны кезінде Гүлжан Қабиденқызы өзін жайсыз сезініп, алаңнан шықты да, орындыққа отырды. Біршама уақыттан кейін құлап, есін жоғалтты. Оған медқызметкер алғашқы медициналық көмек көрсеттік, жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілгенімен өкінішке қарай, қайтыс болып кетті", — деп хабарлады білім бөлімінен.

Марқұмның артында үш баласы қалды. Мектеп директорының айтуынша, бұрын ол денсаулығына шағымданбаған және Біржан сал аудандық орталық ауруханасында есепте тұрмаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров