Украина

Бүгін Стамбұлда Ресей мен Украинаның кезекті келіссөзі өтеді

Экспресс К

Pixabay

Бұған дейін Ресей делегациясының басшысы, президент көмекшісі Владимир Мединский Ресей мен Украина делегациялары келіссөздердің кезекті бетпе-бет раундын 29-30 наурызда өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.

Ердоған жексенбі күні Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Анкара Ресей мен Украина арасында бейбітшіліктің орнауына ықпал етуді жалғастыратынын айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.

"Түркия президентті Ердоған Ресей мен Украина арасында қысқа уақытта бітім мен бейбітшілік орнату, сондай-ақ өңірдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту қажеттігін, Түркия бұл жағдайға өз үлесін қосуды жалғастыратынын айтты", — деп хабарлады журналистерге Түркия президентінің кеңсесінен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров