Қылмыстық топ

“Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды.

Арнайы ұстау операциясы Алматы және облыс аумағында жүргізілген, деп хабарлайды Экспресс К.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Polisia.kz медиа-порталының мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстауға ішкі істер министрлігі қызметкерлерімен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандары да жұмылдырылған.

"Ұсталғандардан екі "Калашников" автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, "Калашников" пневматикалық автоматы, "Ф-1" қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ, 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді", — делінген ақпаратта.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Ұсталған адамдарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров