Кеме

Қара теңіздегі жүк кемелері Каспийге қайтарылатын болды

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Үкімет отырысында Қара теңіздегі жүк кемелерін Каспийге қайтару туралы айтылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қара теңізде Қазақстанның 4 кемесі тұрғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Каспий бойынша паром тасымалын, кеме тасымалын, жүк тасымалын күшейтуіміз керек. Негізі 4 кемеміз бар. Оларды Қара теңізден Каспий теңізіне алып келуіміз керек,

— дейді министр.

Ол осындай мүмкіндік бар екенін, жүк тасымланың транзиті бойынша өте үлкен деңгейге жетуге болатынын айтты. Сол себепті инвесторлар паром, кемелер сатып алуға ақша салуы керек деп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров