Берік Уәли

Берік Уәли "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

facebook.com/Берік Уәли 

Осыған дейін Президенттің баспасөз хатшысы болған Берік Уәли "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ол бұған дейін төраға болған Ерлан Бекхожинді алмастырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Берік Уәли 1977 жылы туған. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Таң" телеарнасының тілшісі болып бастап, одан кейін біраз жыл "31 арна", "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Нұр Медиа" медиа орталығын басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылы наурызда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында "Президент телерадиокешені" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Еске салсақ, бұған дейін "Хабар Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин болған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров