4 пайыз несиемен берілетін автокөліктерді сәуірдің соңында алуға болады


© Sebastian GOLLNOW
Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бастапқы жарнасыз несиеге автокөліктің қашан берілетінін айтты.
Ол бұл бағдарлама сәуір айының соңында іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.
Біз өзіміздің автоөндіріске назар аударамыз. Сондықтан қазір бағаны тұрақты ұстау үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз. Несиенің мөлшері 10 млн теңгеден аспайды. Бірақ одан қымбат көлік болса, сатып алушы қалған соманы өз қалтасынан қоса алады,
Министр сәуір айының соңына дейін бағдарламаның іске қосылатынын және бірден баға көтеріліп кететіндей ажиотож болмайтынын айтты.
Оқи отырыңыздар:
Әзірге біз қазақстандық көліктердің бағасын жоғары көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ баға күн сайын өсіп жатыр. Сондықтан ертең оның қандай болатынын айту қиын. Жалпы, көптеген позицияларда тіпті төмендейтін кез де бар екенін де айта кетейін,
Бөлісу