Шоу-бизнес

"Баласына ренжулі ме?" Қайрат Нұртастың әкесі тойда ұлына бетін сүйдірмей қойды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Хитмен әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековтің видеосы көптің қызу талқысына түсті.

Бейнежазба танымал әншінің інісі Заңғардың шаңырақ көтеру тойында түсірілген, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан Нұртас Айдарбековтің үш ұлымен бірге тойхана төрінде билеп тұрған сәтін көруге болады.

Қайрат және Заңғар Нұртас "Ешкімге көрсетпеймін" әнін орындайды. Осы сәтте хитменнің әкесі ұлының бетінен сүйеді. Артынша Қайрат Нұртас әкесінің бетінен сүймек болады. Алайда Нұртас Айдарбеков ортаншы ұлы Аянның бетін сүйіп, әншінің әрекетін елемейді.

Видео желіде қызу талқыланып жатыр.

"Әкесі бетін тартып қалды ма?", "Нұртас аға Қайратқа ренжулі ме деймін?", "Үш ұлдың осылай жүргені әкелерінің арқасы", "Бетін тартып алғаны қалай кетті?", "Қайрат Жұлдызбен қосылып, қуанғаннан әкесінің бетін сүйіп алды", "Бақытты отбасы" деп жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров