Игорь Дужнов

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Дужнов шет елдегі соғысқа қатысты деп айыпталды

Олжас НҰРЖАҚЫП

Игорь Дужнов/ПД баспасөз қызметі / ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр.

Сотта айыпталушының тағы бір әрекеті нақтыланғаны айтылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Игор Дужнов ісіне қатысты басты сот отырысы сағат 10:00-де басталды. Бүгін сот залында мемлекеттік айыптаушы сөйледі. Ол бес адамды атып өлтірді деп айыпталған азаматтың шет елде әскери әрекеттерге қатысқаны туралы дерек те қарастырылып жатқанын айтты.

Ол Қылмыстық кодекстің 172-бабымен (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) айыпталып жатыр. Игорь Дужнов қоғамдық тәртіпке, сот төрелігіне және жазаны орындау тәртібіне қарсы қасақана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда,

—деді мемлекеттік айыптаушы сот отырысында.

ЭК бұған дейін бес адамды атып өлтірген алматылықтың әйелі Анаид Демирчян күйеуінің Украинада соғысқанын жоққа шығарғанын жазған еді. Мұның алдында Дужновтың "Суть времени" сапында Донбасста ресейшіл сепаратистердің жағында соғысқаны жайында ақпарат тараған. Қарулы топтың құрамында жүрген Дужновтан аумаған адамның суреті де жария болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров