Баға

Министр бағаның неге өсіп жатқанын білмейтін болып шықты

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде ақ қағаздың бағасы неге шарықтап кеткенін білмейтінін айтты.

Министр журналистердің қойған сауалына осылай жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақстанда кеңсе қағазының соншалықты тапшылығы болады деп ойламаймын. Өйткені мәселе бағаның қалыптасуында болып тұр. Қазір біз қағазды сырттан әкелеміз. Негізгі жеткізуші — Ресей Федерациясы. Ол жақтан ақ қағаздың 61 пайызы келеді,

— деді министр.

Қандай да бір кедергілер туындап жатса, қағаз жеткізудің балама бағыттары жеткілікті. Ал бағаның не үшін өсіп жатқанын білмеймін. Өйткені біздің мамандар Abdi компаниясына барғанда, олардың 3000 теңгеден сатып жатқанын анықтаған,

— дейді Қайырбек Өскенбаев.

Министрдің айтуынша, басқа дүкендер сол тұста 5-6 мыңнан сатқан. Кейін мұны көріп, Abdi компаниясы да бағаны көтеріп жіберіпті. Қайырбек Өскенбаев енді құзырлы органдар бағаның не үшін көтерілгенін тексеретін шығар деп отыр.

Бұған дейін елімізде А4 форматындағы ақ қағаздың бағасы бірден екі есеге өскенін жазғанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров