Жол апаты

Атырауда әйел жүргізуші қолында сәбиі бар ананы қағып кетті

Фархат ӘБІЛОВ

Видеодан кадр

Атырауда Lexus RX300 жол талғамайтын көлігі нәрестесін көтеріп келе жатқан әйелді қағып кетті.

Сәби әр түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Экспресс К.

Жол-көлік оқиғасы 28 наурызда болған. 43 жастағы әйел тізгіндеген Lexus RX300 көлігі солға бұрылар кезде, 40 жастағы әйелді қағып кетті. Зардап шеккен әйелдің қолында 1 жастағы баласы болған.

Сәби әртүрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды,

— деді облыстық ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров