Ырым

Тойда құда мен құдағи бесіктің түбегінен арақ ішті

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Ғаламторда пайда болған бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Түбек толы арақты сіміріп жатқандардың кім екені, тойдың еліміздің қай өңірінде өткені әзірге белгісіз.

Әлеуметтік желіде қазақтың ырым-жырымдарына қатысты бейнежазба қаптап кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Құрсақтағы шарананың жынысын анықтау мақсатында түбектен арақ ішу қазір сәнге айналған. Ғаламторда осы біртүрлі ырымға қатысты видео өте көп.

Мына бейнежазбада да құда мен құдағиға той қонақтары түбектен арақ ішкізіп жатыр. Ал олар өздерін қолпаштағандарға ақша үлестіруде.

"Қазақ десе өзіңе сөз тиеді. Бұнысы енді шектен шыққандық. Ата бабаларымыздан қалған киелі бесіктің түбегіне харам арақты құю есерлік. Киесі ұрады. Бесікте ешнəрседен бейхабар періште пəк нəресте жатады", "Бұл ырымды тек алқаштар ғана қолданады. Арақ ішерде ыдыс маңызды емес, ішсе болды", "Бұл Қытайдың ежелден келе жатқан салты. Соңғы жылдары Қытай салт-ырымдарын мисыз қазақтарға "пихать " етіп жатыр ғой. Намысты қазақтар ондайды қабылдамайды. Мисыздары болмаса!!!", "Азғындап барамыз-ау, осы қай атаң бесіктің түбегіне арақ құйып ішіп еді" деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

Экспресс К бұған дейін де қазақтың ырым-жырымдарына қатысты бірнеше материал жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров